Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл-әрбір азаматтың міндеті

25 мамырда Қарағанды облысы ТЖД жеке құрам бойынша инспекторы Нұрсұлтан Жапишев 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Балқаш гарнизонының жеке құрамымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау бойынша нұсқама өткізді.

Ерекше назар :

- ТЖ Басқармасының инспекторлық құрамы жүзеге асыратын тексерулердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге;

- мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар алуға және сыйға тартуға толық тыйым салуға;

- азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Сондай-ақ, еңбек тәртібін, ҚР ЖҚЕ сақтау және киім нысанын кию қажеттігін атап өтті.