Қарқаралы табиғи паркінде табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

Қарқаралы табиғи паркінде табиғи өрттерді сөндіру кезіндегі іс-қимылдар пысықталды

2022 жылдың 25 мамырында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың тақырыбы:"Табиғи өрттерді жою, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, төтенше жағдайларды жою жөніндегі лауазымды адамдардың іс-қимылы".
Оқу-жаттығу Қарағанды облысының ТЖД бөлімшелерінің, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің, Қарқаралы ауданының өртке қарсы ерікті құралымдарының өзара іс-қимылын пысықтау; практикалық дағдыларды жетілдіру; табиғи өрттерді сөндіруге тартылатын күштер мен құралдардың дайындығын тексеру және т. б. мақсатында өткізілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің, ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ, орман-өрт сөндіру станциясының, полицияның күштері мен құралдары, өртке қарсы ерікті құралымдар, медициналық қызмет және тамақтану қызметі жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес табиғи өрттің туындауына ден қою бойынша шартты жағдай пысықталды. Жоспарға сәйкес желді және құрғақ ауа-райының салдарынан дала алқабы мен іргелес жатқан тоғайлардың жеке тұрған ағаштары бойынша оттың тез таралуы орын алды. Орман-өрт станциясының, ТЖД бөлімшелерінің, Қарқаралы, Ақтоғай және Бұқар Жырау аудандарының ерікті өртке қарсы құрылымдарының күшімен және құралдарымен өртті сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында тікұшақтың көмегімен жағдайды аэровизуалды тексеру жүргізілді. Жергілікті полиция қызметі өрт болған аймаққа басқа азаматтарың кірмеуі үшін қоршауға алды.
Шартты өртті сөндіру үш учаскеде лафеттік және қол өрт оқпандарын, қолда бар құралдарды (шартылдақтар мен аспалы өрт сөндіргіштерді) қолдана отырып жүргізілді.
Барлық күш-жігермен шартты табиғи өрт жойылды. Аймақты қосымша барлау және су шашу жүргізілді.
Оқу-жаттығуға барлығы 144 адам және 27 бірлік техника жұмылдырылды. ӨОЖ қорытындысы бойынша оқу-жаттығуды талдау жүргізілді, онда тартылған күштердің іс-қимылдарының оң жақтары да, кемшіліктері де атап өтілді, олардың жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыру жолдары көрсетілді.
Ауқымды оқу-жаттығудың өтетін орнын таңдау бекер емес. Өткен 2021 жылғы өрт қауіпті кезең ішінде орман өрттерінің тіркелген 39 фактінің ең көп саны-10 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орын алды.
2021 жылы Қарағанды облысында барлығы 525 табиғи өрт және жану оқиғалары тіркелді.
Өрттер мен жанудың негізгі себептері облыс аумағының басым бөлігінде басым болған өте жоғары температуралық фон, жауын-шашынның болмауы және желді ауа райы болды. Сондай-ақ орман өрттерінің туындау себептері отты абайсыз қолдану, құрғақ найзағай және дала жануының орман пайдаланушылардың жерлеріне өтуі болды.
ТЖ департаменті өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады. Сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді, сынған шыныны лақтырмаңыз, сөндірілмеген алау қалдырмаңыз. Құрғақ және желді ауа-райында, сондай-ақ шатырлар мен ағаштардың астында от жағуға болмайды.