Қарағанды техникалық университетіндегі өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Қарағанды техникалық университетіндегі өрт-тактикалық оқу-жаттығу

25 мамырда Қарағанды техникалық университетінің ғимаратында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Бұл нысан аса маңызды және өрт қауіпті объектілердің кеңейтілген тізбесіне енгізілген, өрт туралы бірінші хабарламада № 2 өрт дәрежесі бойынша техниканы автоматты түрде жіберу көзделген.
Оқу-жаттығудың мақсаты өрт кезінде адамдарды эвакуациялау тәртібін, көтергіш механизмдерді орнату тәсілдерін, бөлімшелердің жеке құрамын өрт сөндіру құралдарын биіктікке беруде жаттықтыру, сондай-ақ өртті жою бойынша объект қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау болды.
Тактикалық ой бойынша шартты өрт 1-ші корпустың жертөлесінде орын алды. Өрт күзеті келгенге дейін ғимарат әкімшілігі 100-ден астам адамды өз бетінше эвакуациялады. Әкімшіліктің айтуынша, жертөледе тағы екі жұмысшы қалды. Өрт сөндірушілер құтқару қақпақтарының көмегімен екі зардап шегушіні таза ауаға шығарып, эвакуациялады .
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері қойылған міндеттерді үйлесімді пысықтады: бекеттер қойылды, жұмысшы жеңдік желілер тартылды, ГТҚҚ буындары адамдарды түтіндеген аймақтан құтқаруды жүргізді.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 24 адам 6 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.
Оқу-жаттығу жетекшісі, өткізілген оқу-жаттығуларға қатысқаны үшін барлығына алғысын білдірді.