Ағымдағы жылдың 5 мамырында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің базасында АҚ Басқармасы онлайн форматта «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында мемлекеттік инспекторлармен семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске 13 әскери қызметші қатысты.
Кеңес барысында «2022 жылдың 1 тоқсанындағы азаматтық қорғау органдарындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі туралы ТЖ министрлігінің шолуы», «Қарағанды облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама» жеткізілді. МО саласында профилактикалық бақылауды ұйымдастыру тәртібі түсіндірілді, тексерулер жүргізу кезіндегі проблемалық мәселелер және пікір алмасу талқыланды. Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша профилактикалық бақылау жүргізу кезінде Сжққк нұсқаулары беріліп, талаптары жеткізілді.