ТЖД қызметкері гір спорты бойынша Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

ТЖД қызметкері гір спорты бойынша   Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

     Ағымдағы жылдың 26-29 сәуір аралығында Щучинск қаласында гір көтеру спортынан Азия чемпионаты өтті, оған Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Александр Комаров қатысты. Сондай-ақ гір көтеру спортынан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады. Аталған жарыстарда 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Александр Азия Чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.

      Қазіргі уақытта Александр өзінің спорттық жетілу қарқынын бәсеңдетпейді, Азия чемпионатында алған тәжірибесін жинақтап, 2022 жылдың қазан айында Дели қаласында (Үндістан) өтетін Әлем чемпионатының әлемдік тұғырының ең биік сатысына көтерілу үшін күресуді жалғастыруда.