
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеу аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов және «Қазақстандық төтенше жағдайлар ардагерлер ұйымы» ҚБ филиалының төрағасы» Берік Әбдіраев азаматтық қорғау органдарының ардагеріне барды.
Көпбаев Жақсымбет Бекзатұлы ұзақ жылдар азаматтық қорғаныс жүйесінде әскери хирург болып қызмет етті. Ардагеріміз Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға да қатысқан. Полковник шенімен Қарағанды облысы Азаматтық қорғаныс штабының медициналық қорғау бөлімінің бастығы болып зейнеткерлікке шықты.
Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
Ардагерлерге бару көп жылдар бұрын жақсы дәстүрге айналған. Аға ұрпақтың қолдауы мен құрметі адамдарды құтқару игі миссиясын таңдаған барлық жас қызметкерлердің бойына сіңеді.