Құтқарылған бала

Құтқарылған бала

Демалыс күндері құтқарушылар ойын кезінде абайсызда жер асты паркингін желдетудің бетон тесігінде аяғы тұрып қалған балаға көмекке келді.
Оқиға орнына Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары жедел жетті. 2016 жылы туған балаға анасы көмек керек екенін хабарлаған болатын.
Құтқару операциясы барысында құтқарушылар қорыққан баланы әңгімеге тартып тұрғын үйдің ауласында орналасқан паркинг саңылауының бетон тесігінен оң аяғын қолымен ақырын тартып алды.
Балаға медициналық көмек қажет болмады.
Ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ескертеміз. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.