
Ауыр кәсіп деп айтуға болатын көптеген мамандықтар бар. Өрт сөндіруші-солардың бірі. Ал өрт сөндірушілер үшін күнделікті қауіп жай жұмыс деп аталады.
Жыл сайын Төтенше жағдайлар мен апаттарда біздің қызметкерлер өрттен жүздеген адамды құтқарады. Адам өмірі үшін жауапкершілік, іс - әрекеттің тиімділігі, жанқиярлыққа дайын болу-олардың әрқайсысы осы қасиеттерге ие деп айтсақ болады.
Әли Әлішер азаматтық қорғау органдарында 2015 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол өзінің мансабының басынан бастап өрт сөндіруші-құтқарушы үшін қажетті –табандылық, батылдық, жауапкершілік, парасаттылық және төтенше жағдайларда бастамашылдықты көрсетті. Оның сауатты жұмысының соңғы жарқын мысалдарының бірі 2022жылдың 12ақпанында болған өрт оқиғасы болды.
Өрт иісі туралы хабарлама Қарағанды қаласы, 83 квартал мекен-жайы бойынша келіп түсті. Шақыру орнына екі АЦ-40, екі бөлімше жіберілді.
Шақыру орнына келген соң пәтерден түтін шығып жатқаны анықталады. Есік жабық болды, үй ішінен ешкім көрінбеді. Көршілердің айтуынша, пәтерде үй иесінің болуы мүмкін екендігі анықталды. Екінші қабатта орналасқан пәтердің ас үйінің терезесіне үш иінді баспалдақ орнатып, терезені шанц аспабының көмегімен ашып, аға өрт сөндіруші-құтқарушы Әли Әлішер 3 адамнан тұратын топ құрамында ер адамды іздеуге және құтқаруға аттанады. Қатты түтін жағдайында, сауатты және жедел әрекеттердің арқасында зал бөлмесінде дивандағы пәтер иесі табылды. Дереу зардап шеккен адамды алдыңғы есік арқылы таза ауаға шығарады. Есінен танып жатқан зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырады.
Кейін Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметіне пәтер иесінен хат келіп түсті. Өз хатында ол біздің бүгінгі кейіпкеріміз Әлішерге алғысын білдірді. Хатта "Жеделдігі, кәсібилігі және өз өмірін қиып көмек көрсеткені үшін алғысымды білдіремін" делінген.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі