Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында үздік қызметкерлер марапатталды

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күні қарсаңында үздік қызметкерлер марапатталды

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеу аясында салтанатты іс-шара өтті, оған Қарағанды облысы ТЖ департаментінің басшылары мен жеке құрамы қатысты.
ТЖД бастығы Мұрат Катпанов жеке құрамды айтулы мерекелерімен құттықтады. "Бұл мерекелер біздің ел азаматтарының барлық ұрпақтарын біріктіреді. Бұл күндері біз өз өмірін Отанға қызмет етуге арнаған батыл адамдарға құрмет көрсетеміз. Бұл күндері біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Отанға адал қызмет еткен басқа да соғыстар мен жанжалдардың ардагерлеріне құрмет көрсетеміз. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күн сайын өз өмірлерін қатерге тігіп, өрттер мен дүлей зілзалалардың салдарымен күресе отырып, мемлекет пен азаматтарды қорғайды", - деп атап өтті Мұрат Қасенұлы.
Осы күні ерекше көзге түскен қызметкерлерге медальдар, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді, бірқатар қызметкерлер арнайы атақтарға ие болды.
"Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін" медальдары Қарағанды қаласының ТЖБ бастығы Нұрлан Шәкеновке және Шет ауданының ТЖб бастығы Бауыржан Арыстанбековке тапсырылды.
ҚР ТЖМ Құрмет грамотасымен Шахтинск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мадияр Әбдікәрімов, Қарқаралы ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Айдос Мақашев, №12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Бауыржан Мұқабаев, құтқару бөлімшесінің бөлімше басшысы-құтқарушы Руслан Сойко марапатталды.
ТЖД бастығының алғыс хаттары Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері Елдос Кеңесовке және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Айхан Амановқа тапсырылды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі