
29 сәуір Қарағанды облысының ТЖД Департамент бастығы Мұрат Қатпановтың төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өтті.
Күн тәртібі бойынша Қарағанды облысы ТЖД мен оның бөлімшелерінің 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындылары, сондай-ақ тәртіп, заңдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және тәрбие жұмысының жай-күйі мәселелері қаралды.
ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов есепті кезеңде жүргізілген қызмет қорытындылары туралы баяндады.
Қарағанды облысының аумағында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 192 өрт тіркелді, оның барысында 10 адам жарақат алды, 7 адам қайтыс болды.
ТЖД бөлімшелері 52 іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде 588 адам құтқарылды.
2022 жылдың қыс мезгілінде республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда 613 адам құтқарылып, 654 адам эвакуацияланды.
ТЖ алдын алу бойынша негізгі жұмыс су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуіне бағытталды. Уақытылы қабылданған алдын алу шаралары су тасқыны кезеңінде елді мекендер мен нысандарды су басуына жол бермеуге мүмкіндік берді.
Су тасқыны кезеңінде барлығы 183 мың текше метрден астам еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 3680 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 27 мыңға жуық қаптар төселді, ұзындығы 1300 метр уақытша біліктерді төгу жүргізілді.
Өрт қауіпсіздігі желісі бойынша объектілердің өртке қарсы жағдайына 437 тексеру жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін және өртке жол берген тұлғаларға қатысты 435 әкімшілік материал жасалды.
Қауіпсіздік шаралары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында халықпен 17899 аула аралау жүргізілді, 170 жиын ұйымдастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша қызметті жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. ТЖД бастығы өрт қауіпті және шомылу маусымдарынан қауіпсіз өту бойынша іс-шараларға ерекше назар аударуды тапсырды.