
Өрт қауіпті кезеңнің басталуына байланысты, сондай-ақ табиғи өрттердің алдын алу және ескерту мақсатында 26 сәуірде Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау бойынша шаруашылық аумағында бірлескен оқу-тактикалық сабақ өткізді.
Өрт қаупі бар кезең басталғаннан бері жыл сайын Қарағанды қаласының аумағында орман алқаптарында демалу үшін адамдар көп жиналатын орындарда апта сайын нұсқамалар өткізіле отырып, рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
2021 жылғы өрт қауіпті кезең ішінде өткізілген рейдтік іс-шаралардың қорытындылары бойынша 1572 адамға нұсқау берілді, Қарағанды қаласы ТЖБ және Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық қызметкерлері 45 әкімшілік хаттама жасады; орман алқаптарында 6 өрт тіркелді, олардың негізгі себептері от жағу, темекі шегу не орман екпелерінің аумағында тікелей адамдардың қасақана өртеуі болуы мүмкін
Саяжай учаскелері мен орман алқаптарында шөп пен қоқысты рұқсатсыз жағу туралы хабарлама келіп түскен жағдайда кінәлі адамдарға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 410 – бабының 1-бөлігіне сәйкес, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға-5 АЕК (15315 теңге), лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға-20 АЕК (61260 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30 АЕК (91890 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-100 АЕК (306300 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі