Теннис орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Теннис орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Қарағанды қаласында "Шахтер" теннис орталығында шартты өртті сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығудың тақырыбы:"Адамдар көп жиналатын ғимараттардағы өрттерді сөндіру".
Оқу-жаттығу барысында өрт туындаған кездегі персоналдың іс-қимылы, өрт сөндіру күзеті бөлімшелері келгенге дейін адамдарды эвакуациялауды жүргізу және шақыру орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелерінің кездесуін ұйымдастыру пысықталды. Сондай-ақ, адамдарды эвакуациялау тәртібі бойынша объект әкімшілігімен өзара іс-қимыл, бөлімшелерді жедел ден қою, бөлімшелердің жеке құрамының дабылы бойынша жинау және шығу, келетін күштер мен құралдарды орналастыру, өрт оқпандарын бере отырып барлау және жауынгерлік өрістетуді жүргізу, магистральдық желіні сала отырып, өрт сөндіру су көзіне өрт сөндіру автомобилін орнату пысықталды.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 25 адам және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Оқу – жаттығу аяқталғаннан кейін оқу-жаттығу басшысы-жедел кезекшінің орынбасары барлық қатысушылармен нысанның жеке құрамы мен кезекші қарауылдардың іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді, әрбір лауазымды адамның іс-әрекеттеріне баға берілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі