Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамын «Өрт қауіпті кезеңіндегі» әзірліктерін тексеру

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамын «Өрт қауіпті кезеңіндегі» әзірліктерін тексеру

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі қызметкерлерін алдағы «Өрт қауіпті кезеңге» жауынгерлік әзірлікте ұстау мақсатында 2022 жылғы 22 сәуірде 6 сағат 30 минутта «Жинау» сигналы бойынша өрт сөндіру қызметі басқармасы аппаратының аға және орта басшылық құрамы жедел жиналды.
Жиын өткізу барысында күштер мен құралдардың дайындығын тексеру, жеке құрамды уақтылы хабардар ету, дабыл және экспедициялық сөмкелердің жинақталуы, қызметтік құжаттардың болуы, нысанды киім-кешектің белгіленген талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ «орман-дала өрттерін сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Нұсқаулық» талаптарын сақтау бойынша жоспардан тыс нұсқама жүргізілді.
Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамы Қарағанды облысы аумағында болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға дайын.