Өткен тәулікте

Өткен тәулікте

Өткен тәулікте 21 сәуір күні Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 49 рет құтқару жұмыстарына шықты, оның ішінде өрт сөндіру және жану бойынша – 43 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 5 рет, онда 3 бала құтқарылды және 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 2-і бала.
Теміртау қаласы, Ватутина көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында жалпы алаңы 60 шаршы метр аумақта жеке тұрғын үйдің шатырының ағаш жәшігі мен төбесі, сондай-ақ пайдаланылған заттар жанған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – отқа абайсыз қарау.
Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Қонаев көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында сарайдың ағаш конструкциялары мен бос шөп жанған, жалпы алаңы 120 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – күлді белгіленбеген жерде сақтау.
Қарағанды қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы ауданда, Д.Бедный көшесінің бойында оттың саяжайға, тұрғын үйге іргелес қора және 1 тұрғын емес ғимаратқа өтуімен құрғақ шөп, қоқыс және ағаш қоршаулар жанып кетті. Өрттің жалпы алаңы 1 га. құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – ашық от көзі.
Қарағанды қаласы, Аманжолов көшесі, 5 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан «Сәлем» азық-түлік дүкенінде тарату қалқанының сыртына жанудың таралуына әкелмеген қысқа тұйықталу орын алған. ТЖД күштері подъездегі пәтерлерден 8 адамды, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге көшірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды қаласы, Сатыбалдин көшесінің бойында ТЖД қызметкерлері балконнан баспалдақ арқылы пәтерге кіріп, сыртқы есікті ашқан. 2019 және 2021 жылы туған балалар құтқарылды, оларға медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды қаласы, Дүйсенбеков көшесінде ТЖД қызметкерлері альпинистік құралдарды пайдаланып, балкон арқылы пәтерге кіріп, кіреберіс есігін ашып, 2008 жылы туған баланы аман алып қалды, медициналық көмекті қажет етпеді.
ТЖ департаменті төтенше жағдайларды, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Ешбір жағдайда:
- сөндірілмеген темекілер мен сіріңкелерді қалдырмаңыз;
- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын бақылаңыз;
- бір желіге бірнеше электр құралдарын қосуға жол бермеңіз, бұл электр
желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі;
- үйде жасалған электр жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз;
- тек жұмыс істейтін пештерді, газ және электр құрылғыларын
қолданыңыз;
- мұржаларды күйеден уақтылы тазалаңыз;
- пешті қатты қыздырмаңыз;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және балаларға пеш жағуды
тапсырмаңыз!