Қарағанды облысында жоғалған балықшының денесі табылды

Қарағанды облысында жоғалған балықшының денесі табылды

16 сәуірде Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары Балқаш көлінде, "Шұбартүбек" шығанағында суға батып кеткен балықшының денесін тапты.
1959 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабар 15 сәуірде кешке түсті.
Ақтоғай ауданының тұрғыны 15 сәуір күні таңертең балық аулауға шығып, қайтып оралмаған. Балықшының туыстары ер адам ұзақ уақыт болмағаннан кейін, онымен байланыса алмай, құтқарушыларға жүгінді.
Алдымен көлге жақын жерде құтқарушылар балықшының көлігі мен қайығын тауып, келесі күні ер адамның денесін көл жағасында тапты.
Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін еске салады:
* Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жағалаудан алыс жүрмей балық аулаған дұрыс;
* Су айдынына шығар алдында қайықтың жағдайын мұқият тексеруді ұсынамыз, оның жарамдылығына көз жеткізіңіз;
* Қайықта әр адамға арналған құтқару шеңбері, белбеуі немесе кеудешесі болуы міндетті.