Қарағанды облысында жеті саяжай қоғамында өрт шықты

Қарағанды облысында жеті саяжай қоғамында өрт шықты

Демалыс күндері Қарағандылық өрт сөндірушілер үшін қиын болды. Көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңнің басталуымен қоқыс пен құрғақ шөптің жануын жоюға Өрт сөндіру бөлімшелерінің шығу санының күрт өсуі байқалады.
Мәселен, 16 сәуір күні Балқаш қаласындағы саяжай қоғамындағы "Прибой" аумағында 3 учаскелердің 2 саяжай үйлері жануы орын алды (оның ішінде 1 тұрғынсыз) және құрғақ шөп өртенген. Жалпы ауданы 572 кв. м. құрады.
Қарағанды қаласында "Литейщик" және "Оптимист" саяжай қоғамдарында жалпы ауданы 5 га болатын 9 саяжай (оның ішінде 8 тұрғын емес) және құрғақ шөп өртенді. Теміртау қаласында "СПП-Металлург" саяжай қоғамында шөп пен қоқысты өртеу кезінде 10 ш.м. алаңда өрт шықты, өз бетінше сөндіру кезінде 1954 жылы туған әйел күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану.
17 сәуір аралығында Теміртау қаласында "Уралочка" және "Алма" саяжай қоғамдарында болды. Құрғақ шөптің жануы 203 учаскеде 75- га астам аумағында орын алды.
Қарағанды қаласындағы " Мечта" саяжай қоғамындағы 30 саяжай учаскелерінде жану орын алды.
Жалпы өрттерді жоюға Қарағанды облысы ТЖД-нің 109 адамы мен 26 техникасы жұмылдырылды. Өрттерді сөндіру кірме жолдардың болмауымен, күрделі жер бедерімен және үлкен өрт жүктемесімен (аумақты шаруашылық құрылыстармен қатты үйіп қою) және қатты желмен күрделене түсті.
Өткен демалыс күндері 16 мен 17 сәуір Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері 219 рет құтқару жұмыстарына шықты, оның ішінде өрт сөндіруге және жану бойынша – 204, авариялық-құтқару жұмыстары бойынша – 14 рет. Онда 5 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала.
Өрттің және жанудың пайда болуының негізгі себебі халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы болып табылады. Облыс тұрғындары мен қонақтарына қай жерде болсаңыз да, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырамыз. Сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді, оның ішінде қозғалыс кезінде автомобильдер терезесінен лақтырмаңыз. Құрғақ, желді ауа-райында, сондай-ақ шатырлар мен ағаштардың астында от жағуға болмайды.
Сөндірілмеген отты, сондай-ақ сынған әйнекті қалдырмаңыз. Отпен абай болыңыз!
Саяжай учаскесінде және тұрғын үйлерде өрттің алдын алу үшін қатаң тыйым салынады:
- ғимараттар мен құрылыстардан 50 метр жақын жерде от жағу, қалдықтарды жағу;
- ашық алаңдар мен аулаларда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды, газы бар баллондарды қалдыруға;
Сіздің отпен абайсыздығыңыз үлкен шығындарға әкелуі мүмкін.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі