
2022 жылғы 15 сәуірде "Тұмар-Мұнай" ЖШС мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау объектілерінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тақырыбы бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Бұл мұнай базасы автомобиль цистерналарына әртүрлі маркалы бензин мен дизені қабылдауға, сақтауға және жіберуге арналған.
Тактикалық жоспарға сәйкес, №6 болат цистернада жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде дизель отыны бар цистернасынан өрт шығып, өрттің көрші резервуарларға таралу қаупі туындады.
Өртті байқаған мұнай базасының қызметкері дереу осы оқиға туралы "101" желісі бойынша күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына хабарлады.
Қысқа мерзімде шартты өрт орнында Қарағанды қаласының өрт-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары келіп жетті.
- Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің негізгі кезеңі жанып жатқан және көрші резервуарларды өнімділігі жоғары оқпандармен, атап айтқанда көбік шабуылын жүргізгенге дейін лафеттік және "А" қол оқпандарымен салқындатуға арналған өрт сөндіргіш құралдарды үздіксіз беру болып табылады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында мұнай өнімдерінің қайнауына және шығарылуына және оттың көрші резервуарларға одан әрі таралуына жол берілмеді. Көбік шабуылынан кейін өрт ауыздықталып, жойылды, - деді құтқарушылар.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 5 бірлік техника мен 19 адам қатысты.
Оқу – жаттығу аяқталғаннан кейін оқу-жаттығу басшысы-жедел кезекшінің орынбасары барлық қатысушылармен нысанның жеке құрамы мен кезекші қарауылдардың іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді, әрбір лауазымды адамның іс-әрекеттеріне баға берілді.
Осындай өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың мақсаты өрт сөндіру кезінде объектінің өрт сөндірушілері мен қызметкерлерінің іс-қимылдарын іс жүзінде орындауға дайындығын тексеру болып табылады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі