Қарағанды облысының ТЖД жазғы киім үлгісіне көшу бойынша саптық тексеріс өтті

Қарағанды облысының ТЖД жазғы киім үлгісіне көшу бойынша саптық тексеріс өтті

Жазғы киім нысанына көшуге байланысты ағымдағы жылдың 15 сәуірінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамы арасында саптық тексеріс өткізілді.
Саптық тексеріс барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті, жазғы күнделікті, далалық және арнайы киім нысаны, қызметтік куәліктері, жеке нөмірлері тексерілді. Жазғы киім мен айырым белгілерін кию ережелері түсіндірілді, нысанды кию ережелерін реттейтін өзге де құжаттар жеткізілді.
Ведомстволық талаптарға сәйкес саптық тексерістер жеке құрамның сыртқы келбетіне қойылатын бірыңғай талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жазғы және қысқы киім нысанына көшу кезінде жылына 2 рет өткізіледі.