
Қарағанды облысының аумағында табиғи ресурстардың негізгі қорлары шоғырланған. Мұнай мен газ-еліміздің ең маңызды байлығы, демек, оларға жауапкершілікпен және ұқыптылықпен қарау керек. Мұнай кешені кәсіпорындарындағы өрттер мен жарылыстар орасан зор материалдық шығын келтіреді және адамдардың өмірі мен бізді қоршаған орта үшін елеулі қатер болып табылады. Сондықтан мұндай кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.
Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері кәсіпорын өкілдерімен бірлесіп өткізетін тұрақты жаттығулар мен оқу-жаттығулар апатты салдарларды болдырмауға мүмкіндік береді.
8 сәуірде "Достық" ЖШС мұнай базасында мұнай өнімдерін сақтау объектілерінде өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу тақырыбы бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті.
Бұл мұнай базасы автомобиль цистерналарына әртүрлі маркалы бензин мен дизені қабылдауға, сақтауға және жіберуге арналған.
Тактикалық жоспарға сәйкес, №6 болат цистернада жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде дизель отыны бар цистернасынан өрт шығып, өрттің көрші резервуарларға таралу қаупі туындады.
Қысқа мерзімде шартты өрт орнында Қарағанды қаласының өрт-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдары шоғырландырылды, нысанның жеке құрамымен өзара іс-қимыл пысықталды, жанып жатқан және көрші резервуарларды салқындату ұйымдастырылды, көбік шабуылы жүргізілді, нәтижесінде өртті оқшаулауға және жоюға қол жеткізілді.
Оқу-жаттығуға Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 5 бірлік техника мен 22 адам қатысты.
Оқу – жаттығу аяқталғаннан кейін оқу-жаттығу басшысы-жедел кезекшінің орынбасары барлық қатысушылармен нысанның жеке құрамы мен кезекші қарауылдардың іс-әрекеттеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізді, әрбір лауазымды адамның іс-әрекеттеріне баға берілді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі