Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақталады

Қарағанды облысында су тасқыны жағдайы тұрақталады

Облыстағы су тасқыны жағдайы тұрақтануда, Нұра және Осакаров аудандарының аумақтары бақылауда тұр. Тұрғын үйлерді, объектілерді, автомобиль және темір жол учаскелерін су басу фактілері тіркелген жоқ.
Барлығы 183 330 м. куб. еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 3680 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 26979 дана қаптар төселді, ұзындығы 1300 метр уақытша біліктерді төгу жүргізілді.
1-6 сәуір аралығында жол төсемдері арқылы барлығы 44 су тасқыны тіркелді (республикалық-18, Облыстық-10,жергілікті-16).
Бүгін сағат 16:00-ден бастап Самарқанд су қоймасынан ағызу 200 текше метрге дейін, ал Ынтымақ су қоймасынан 100 текше метрге дейін ұлғайтылды.
Нұра өзенінде Шешенқара, Ботақара және Петровка елді мекендері ауданындағы деңгейдің 1 метрге төмендеуі байқалады.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1 сәуірден бастап ТЖД бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің, полицияның және коммуналдық қызметтердің 1001 адамы мен 266 техникасы жұмылдырылды.
Жалпы облыс аудандарында су деңгейінің төмендеуі байқалады. Қар жамылғысы біраз еріді. Осыған қарамастан, барлық арнайы қызметтер дайын және жағдайды бақылауды жалғастыруда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі