Қарағанды облысындағы су тасқыны бойынша 6 сәуір сағат 19.00-дегі жағдай

Қарағанды облысындағы су тасқыны бойынша 6 сәуір сағат 19.00-дегі жағдай

6 сәуір сағат 9:00-ден аула аумақтарын су басу қаупі туралы 15 хабарлама түсті (Қарағанды қ. – 12 (жертөлелерді су басу - 3), Шахтинск-2,Бұқар Жырау ауданы-1), оның ішінде 2 алынып тасталды (Қарағанды қ.).
05.04.2022 жылдан бастап аула аумақтарын су басу қаупінің 11 жағдайы бақылауда қалып отыр (Қарағанды қаласы – 5, Бұқар Жырау-2, Қарқаралы-1,Теміртау-1,Шет ауданы-2). Барлық жағдайлар бойынша аула аумақтарын су басуды болдырмау бойынша алдын алу шаралары қабылданды (қаптар төсеу, нөсер және арықтарды тазарту, еріген суды сору және т.б.).
01.04 – 06.04 аралығында аула аумақтарын су басу қаупі бойынша барлығы 269 хабарлама келіп түсті (Қарағанды – 191, Абай ауданы – 3, Ақтоғай ауданы-1, Бұқар Жырау ауданы – 31, Саран – 6, Шахтинск – 11, Шет ауданы - 3, Қарқаралы ауданы – 6, Нұра ауданы – 1, Осакаров ауданы -2, Теміртау-10,Ұлытау ауданы -1, Абай ауданы-3).
Барлығы 180 033 м. куб. еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 3600 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 23 824 дана қаптар төселді, 560 метр уақытша үйінділер төселді.

Барлығы 974 адам, 261 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде:
– ТЖД-417 қызметкер, 103 бірлік техника, 91 мотопомпа;
- №52859 ӘБ-140 әскери қызметші, 5 бірлік техника;
- ЖАО-155 қызметкер, 74 бірлік техника;
- ЖПҚ -13 қызметкер, 6 бірлік тех.;
- Коммуналдық қызметтер-249 адам, 73 бірлік техника.
Автожолдардың толып кетуінің 17 фактісі бақылауда тұр (жағдайлар қысқа мерзімді сипатқа ие), оның ішінде 8 – і бақылаудан алынды:

5 сәуір сағат 12.35-тен бастап Нұра ауданында Құланөтпес өзенінде судың көтерілуі нәтижесінде Ақтөбе және Құланөтпес ауылдары арасындағы көлік қатынасы үзілді. Көлік қатынасы Ақмола облысының Қорғалжын ауылы арқылы жүзеге асырылады. Дала жолының су басу ені 70 метрді құрайды.
Алдын ала аталған ауылдарға азық-түлік, дәрі-дәрмектер жеткілікті мөлшерде әкелінді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.

01.04-06.04 аралығындағы кезеңде жол төсемдері арқылы барлығы 41 су тасқыны тіркелді (Республикалық-17, облыстық-11,Жергілікті-13)
279 адам, 137 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде:
- ЖАО-125 қызметкер, 46 бірлік техника;
– ТЖД-24 қызметкер, 12 бірлік техника;
- ІІМ-15 қызметкер, 8 бірлік техника;
- Жол қызметтері (Қарағандыжылдары ЖШС )- 115 қызметкер, 71 бірлік техника.

Күн сайын ұсынылатын мәліметтерге сәйкес облыс өзендерінде қауіпті деңгейден асып түсті: Үлкен-Құндызды – Нұра кенті (Киевка) су деңгейі 416см. қауіпті жағдайда 360см.

Су қоймаларын толтыру көлемі
- Самарқанд вдхр. - ағызу 40 м. куб/сек, ағыны 170 м. куб/сек; нақты көлемі-197,25 млн. м. куб.; жобалық көлемі 253,70 млн. м. куб, бос көлемі 56,45 млн. м3;
- Интумак вдхр. – ағызу 8 м. куб/сек, ағыны 142 м. куб/сек; нақты көлемі-69,97 млн. м. куб.; жобалық көлемі 108,90 млн. м. куб, бос көлемі 38,93 млн. м3;
- Шерубай-Нұра су қоймасы. - ағызу жүргізілмейді, ағыны 162,5 м.куб/сек; нақты көлемі – 196,4 млн. куб., жобалық көлемі 274,0 млн. куб., бос көлемі 77,55 млн. м3.
Космомониторинг деректері бойынша облыстың солтүстік аумағының 15% - ы қар астында қалады. Облыстың оңтүстік аймақтарында қар жоқ.
Қарағанды облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда тұр.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі