
Бүгінгі таңда облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда.
ТЖД жедел штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 82 хабарлама келіп түсті (Қарағанды қаласы - 69, Теміртау қаласы - 2, Шахтинск қаласы - 2, Бұқар Жырау ауданы-4), оның ішінде 68-і бақылаудан алынды.
Барлық жағдайлар бойынша суды бұру бойынша алдын алу шаралары қабылданды.
Барлығы 80534 текше метр еріген су сорылды, сондай-ақ ұзындығы 1735 метр арықтарды тазарту жүргізілді, 670 дана қаптар төселді, 120 метр уақытша үйінділерді төгу жұмыстары жүргізілді.
Күштер мен құралдар жұмылдыруда:
ТЖД -209 қызметкер, 82 бірлік техника, 13 мотопомпа;
№52289 ӘБ-30 әскери қызметші, 1 бірлік техника;
ЖАО -155 қызметкер, 74 бірлік техника;
ЖПҚ - 5 қызметкер, 2 бірлік техника
Коммуналдық қызметтер - 240 адам, 68 бірлік техника
Елді мекендерді су басу тіркелген жоқ.
Өткен тәулікте 4 сәуірде Қарағанды облысының аумағында қарқынды қар еру және еріген қар суының түсуі нәтижесінде Қарқаралы және Бұқар Жырау аудандарындағы автожолдардың екі учаскесінде еріген қар суының жайылу фактілері тіркелді.
Бұқар Жырау ауданында су тасқыны қысқа мерзімді сипатта болды.
Су басқан жерлерде ескерту белгілері орнатылып, жол қызметтерінің, жергілікті полиция қызметінің және ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.
Осы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс сағат 7: 00-ден бастап ашылды. Жол төсемі арқылы су тасқыны тоқтатылды. Елді мекендерге қауіп төндірмейді.
Ал Қарақаралы ауданында Қоянды ауылынан 12 км, облыстық маңызы бар "Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті" а/ж 67 км жерде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық күйінде қалып отыр.
Облыстың барлық аудандарында 21785 адам тұратын 158 су тасқыны қаупі бар елді мекендерде 4474 тұрғын үй мен аула аумақтары бақылауға алынды.
Су басқан және шайылған автомобиль жолдары мен темір жолдар тіркелген жоқ.
Қазгидромет күн сайын ұсынылатын мәліметтерге сәйкес облыс өзендерінде қауіпті деңгейлер аспады.
Ірі су қоймаларынан төгінділер жалғасуда: Самарқанд су қоймасынан - 100 куб. м/с ағыны кезінде 20 куб. м/с көлемінде; Ынтымақ су қоймасынан - 80 куб. м/с ағыны кезінде 8 куб. м/с. Шерубай-Нұра су қоймасынан ағызулар жүргізілмейді, ағыны 77 куб. м/с құрайды.
Космомониторинг деректері бойынша облыстың солтүстік аумағының 20-25% - ы қар астында қалады.
Қарағанды облысы бойынша су тасқыны жағдайы бақылауда тұр.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі