Қарағанды облысында екі балықшы құтқарылды

Қарағанды облысында екі балықшы құтқарылды

30 наурыз күні таңертең 2 ер адам Балқаш көлінің қалалық жағажай аймағына балық аулауға шыққан. Балық аулау барысында желдің күшеюі салдарынан мұз балықшылармен бірге жағалау сызығынан бөлініп, оны ашық көлге қарай итеріп әкеткен.
Қарағанды облысының ТЖД күшімен сағат 14: 25-те екі ер адам құтқарылып, жағаға жеткізілді. Құтқарылғандар медициналық көмекке қажет болмады. Құтқару жұмыстарына Қарағанды облысы ТЖД 5 адам және 1 бірлік техника мен 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Құтқарушылар мұзға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.
Тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну кезінде мұзға шықпаңыз. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың су айдындарында мұз әлсіз болуы мүмкін. Мұз тез ағатын, су басатын және ағын су жүретін жерлерде, сондай-ақ су өсімдіктері өсетін аудандарда, ағаштар мен қамыстың жанында мұз берік болмайды.
Балалардың мұзда ересектердің қарауынсыз жүруіне тыйым салынады.
Төтенше жағдай қаупі төнген немесе туындаған кезде 112 немесе 8 (7212) 433636, 433737 телефондарына қоңырау шалыңыз.