
Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, қатты жел, көрінудің шектелуі) Республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Барлық жабық жол учаскелерінде ТЖД, ПД және жол қызметі қызметкерлерінен 14 бекет қойылды. Барлығы 131 адам және 73 бірлік техника жұмылдырылды.
Автомобиль жолдарына (кафе, қонақ үй) жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды.
Қарағанды облысының бекеттеріне 504 автокөлік жиналды, оның ішінде 198 бірлік жүк, 300 бірлік жеңіл және 6 қоғамдық көлік.
29 наурыз күні сағат 19-00-ден бастап қазіргі уақытқа дейін облыс бойынша барлығы 17 авариялық-құтқару және 2 іздестіру жұмыстары жүргізілді. Оның барысында 252 адам құтқарылды, оның ішінде 28 бала, 290 адам эвакуацияланды, оның ішінде 23 бала, 4 жылыту пункті жұмылдырылды, онда 146 адам орналастырылды, оның ішінде 22 бала, оның ішінде 17 бірлік автотехника қар құрсауынан шығарылды, оның ішінде:
– Теміртау-Қарағанды учаскесінде "Екатеринбург-Алматы" а/ж Қарағанды облысы ТЖД күшімен 159 адам құтқарылды, оның ішінде 9 бала, ондағы 90 адам 107 және 100 маршруттық автобустан,
ЖКО орындарынан және қарда тұрып қалған көліктерден 76 адам, сондай-ақ 105 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 бала.
– Теміртау-Қарағанды учаскесінде "Екатеринбург-Алматы" а/ж Қарағанды облысы ТЖД күшімен 24 адам құтқарылды, 47 адам эвакуацияланды, оның ішінде 13 бала.
– Теміртау-"Екатеринбург-Алматы" а/ж Теміртау КҰҚ учаскесінде 7 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала.
- "Қызылорда-Павлодар" а/ж (906 – 756км, Топар кенті-Жаңаарқа кенті) Жаңаарқа кенті ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 7 адам, оның ішінде 5 бала құтқарылды;