
Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, қатты жел, көрінудің шектелуі) Республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Барлық жабық жол учаскелерінде ТЖД, ПД және жол қызметі қызметкерлерінен 14 бекет қойылды. Автомобиль жолдарына (кафе, қонақ үй) жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды.
Қарағанды облысының бекеттерінде 454 автомобиль, оның ішінде 210 бірлік жүк, 242 бірлік жеңіл және 4 қоғамдық көлік жиналды.
29 наурыз 19-00 уақыт аралығында 252 адам құтқарылды, оның ішінде 28 бала, 89 адам эвакуацияланды, оның ішінде 9 бала. 7 жылыту пункті жұмылдырылды, онда 75 адам, оның ішінде 9 бала орналастырылды.
Облыста авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Азаматтардың төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жүгінулері үшін Қарағанды облысы ТЖД жедел желісі жұмыс істейді: 8 (7212) 517223.
Сонымен қатар, облыста шатырдың құлауының 2 фактісі тіркелді:
Нұра ауданының Қарой ауылында: шамамен 17 сағат 00 минут қатты желдің салдарынан Қарой орта мектебінің спорт залы ғимаратының шатыры ұшқан.
Сынған шатырдың көлемі - 250 ш. м.
Тағы бір оқиға сол ауданда Изенді ауылында 18 сағат 10 минут ауылдық мәдениет үйінің шатырының бұзылуы орын алды. Сынған шатырдың көлемі - 430 ш.м. құрады.
Оқиға орнында құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысы ТЖ Департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырады. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елеусіз қалдырмаңыз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеу қажет.