Жедел ақпарат ұсыну бойынша семинар-кеңес

Жедел ақпарат ұсыну бойынша  семинар-кеңес

2022 жылғы 28 наурызда Қарағанды облысы ТЖД Дағдарыс орталығында ТЖД бастығының орынбасары полковник А.Қ. Ахметжановтың төрағалығымен ZOOM-конференция режимінде облыс аумағында орналасқан ТЖД аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің, сондай-ақ ТЖМ ұйымдарының басшылық құрамымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасына өзге де оқиғалар туралы жедел ақпарат беру, сондай-ақ ден қою, өзара іс-қимыл және ақпарат алмасу тәртібі туралы семинар-кеңес өткізілді.
Негізгі баяндамашы Дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Интуев ҚР ТЖ Министрінің 03.03.2021 жылғы №107 бұйрығының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар туралы ақпараттың өту тәртібіне, сондай-ақ Дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасында тіркеуге жататын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат өлшемдеріне қатысты негізгі талаптарын жеткізді. Сондай-ақ, жедел ақпаратты уақтылы бермеу бойынша кемшіліктер туралы айтылды.
Одан әрі қаралған мәселе бойынша аудандық ТЖ бөлімдерінің бастықтары тыңдалды.
Іс-шара қорытындысы бойынша полковник А.Қ. Ахметжанов су тасқыны кезеңінде ақпаратты уақтылы және сенімді беруді қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. ТЖД аумақтық бөлімшелерінің жергілікті атқарушы органдармен және азаматтық қорғау қызметтерімен ақпараттық өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.

Қарағанды облысының ТЖД Дағдарыс жағдайларындағы басқару басқармасы