Ағымдағы жылғы 25 наурызда Қарағанды облысы ТЖ департаментінің базасында азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік - құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру мақсатында азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылау тақырыбына онлайн форматта кеңес өткізілді. Семинар-кеңеске 52 нысан (ұйым) қатысты.
Кеңес барысында субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі, 2021 жылға жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындылары түсіндірілді, тексерілген субъектілерде жиі кездесетін бұзушылықтар жеткізілді, сондай-ақ өзекті мәселелер, пікір алмасу талқыланды.