Өткен тәулікте қар құрсауынан 14 адам құтқарылды және эвакуацияланды

Өткен тәулікте қар құрсауынан 14 адам құтқарылды және эвакуацияланды

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, екпінді жел, көрінудің шектелуі) "Жезқазған-Петропавл" (142-252 км, Сарлық ауылы-Қостанай облысының шекарасы) және "Екатеринбург - Алматы" (0-16 км, солтүстік-шығыс айналма жолы Қарағанды қаласы) Республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде қозғалыс жабық.
2022 жылғы 24 наурызда Департамент бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 3 рет шықты, оның барысында қар құрсауынан 14 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.
Ақтоғай ауданында "Ақой - Ақсу-Аюлы - Ақтоғай" облыстық маңызы бар автожолының 160 км, 15-38уақытта Қарағанды облысы ТЖД күшімен қар құрсауында қалып қойған автожолдың тазартылған учаскесіне "Тоyоtа" және "Opel"жеңіл 2 а/м сүйретілді. Автокөлік салонында 7 адам болды. Медициналық көмекті қажет етпеді.

Осакаров ауданында "Осакаровка-Молодежный" облыстық маңызы бар автожолының 55 км, 20-23 уақытта Қарағанды облысы ТЖД күштерімен қар құрсауында қалып қойған автожолдың тазартылған учаскесіне "Toyota Camry" және "Mercedes Benz" 2 жеңіл автоколігі шығарылды. Автомобиль салонында 6 адам, оның ішінде 2 бала болды. Медициналық көмек қажет болмады.

Қарқаралы ауданында "Қарқаралы-Егіндібұлақ" автожолы, Бүркітті ауылынан 30 шақырым жерде, 23-03 уақытта Қарағанды облысы ТЖД күшімен "Hyundai" техникалық ақауы бар жүк көлігінен 1987 жылы туған әйел құтқарылып, Қарқаралы қаласының қонақ үйіне жеткізілді. Медициналық көмекті қажет етпеді.
ТЖД ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу және жол жүруден бас тартуды, ауа райы бойынша киінуді және өзімен байланыс құралдарын алып жүруді ұсынады.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212)43-36-36, 43-37-37 телефондары бойынша жедел хабарласу қажет.

Қарағанды облысы ТЖД басапасөз қызметі