Демалыс күндері құтқарушылардың жұмысы

Демалыс күндері құтқарушылардың жұмысы

 Өздеріңіз білетіндей, құтқарушылар, демалыс және мереке күндеріне қарамастан қызмет етеді, азаматтардың мүлкі мен өмірін қорғайды.
Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай 5 демалыс күні жарияланды. Бірақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс орындарында кезекшілік атқарды.
Бұл күндері 19 мен 23 наурыз аралығында Қарағанды облысы Департаменті бөлімшелері төтенше жағдайлар бойынша 89 құтқару жұмыстарына шықты. Оның ішінде өрт сөндіруге және жануы оқиғалары бойынша – 37, авариялық-құтқару жұмыстары бойынша – 46, іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша -1 рет шықты. Бұл ретте 56 адам құтқарылды, оның ішінде 9 бала және 59 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 10-ы балалар.
Өткен демалыс күндері электр сымдарының қысқа тұйықталуы себебінен -8 жағдай, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау салдарынан -5 оқиға болды.
Сондай-ақ, Қарағандылық құтқарушылар 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құлыпталған пәтерлерден құтқарды.
ТЖ департаменті төтенше жағдайларды, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі