Қарағанды облысында бір тәулік ішінде қар құрсауынан 68 адам құтқарылып, 114 адам эвакуацияланды

Қарағанды облысында бір тәулік ішінде қар құрсауынан 68 адам құтқарылып, 114 адам эвакуацияланды

 Облыс аумағындағы жағдай бақылауда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, қатты жел, көрінудің шектелуі) автожолдың 9 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. "Жезқазған-Петропавл" учаскесі жабық күйінде қалып отыр (142-252 км, Сарлық ауылы – Қостанай облысының шекарасы),
23 наурыз 10-00-ден 24 наурыз 03-45 - ке дейін Қарағанды, Теміртау қалаларында және облыстың 5 ауданында 68 адам құтқарылды, оның ішінде 7 бала. 50 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала, 2 жылыту пункті жұмылдырылды. Сонымен қоса 32 бірлік техника шығарылды, салондарда 64 адам, оның ішінде 5 бала болды. Құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтері жұмылдырылды.
23 наурызда 20-00 Қарағанды қаласында "Орталықтрансзавод" ЖШС аумағынан ТЖД күшімен 1961 ж.т. ер адамды тасымалдау жүзеге асырылды, Ол жедел ауруханаға жатқызуды қажет етті және жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізілді.
23 наурызда 20-35 Бұқар Жырау ауданында ТЖД күшімен 1985 ж.т. ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, ол шамамен 23 наурыз күні сағат 16-00 Қарақұдық ауылының үйінен Доскей ауылының бағытына жаяу шығып, белгіленген жерге жетпеген. 24 наурызда 00-10-да іздеу тобы жоғалған адамды Қарақұдық ауылынан 10 км қашықтықта тауып, туыстарына тапсырылды. Медициналық көмекті қажет етпеді.
24 наурызда 03-45 Бұқар Жырау ауданында "Сат-Көмір" АҚ аумағынан ТЖД күшімен 1981 жылы туған ер адамды тасымалдау жүзеге асырылды, ол шұғыл ауруханаға жатқызуды қажет етті және Ботақара кентінің ауруханасына жеткізілді.
Сонымен қатар, Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жалғасуда-өңірдің басым бөлігінде бұрқасын сақталады. ТЖД ауа райының нашарлауы кезінде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу және жол жүруден бас тартуды, ауа райының өзгеруіне сәйкес киінуді және өзімен байланыс құралдарын алып жүруді ұсынады. Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212)43-36-36, 43-37-37 телефондары бойынша жедел хабарласу қажет.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі