Қарағандылық құтқарушылар қар құрсауынан 52 адамды құтқарды

Қарағандылық құтқарушылар қар құрсауынан 52 адамды құтқарды

2022 жылғы 22-23 қаңтар аралығында Департамент бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 2 рет шықты, оның барысында қар құрсауынан 52 адам құтқарылды.
Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері барлығын қауіпсіз эвакуациялады.
22 наурыз күні сағат 14.30 – да Қарқаралы ауданында "Қарағанды – Аягөз-Бұғаз" автожолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған "Тоyоtа Carina " автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралы қаласына жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді.
2022 жылдың 22 наурыз күні түнгі 22-10 Ақтоғай ауданында "Ақой-Ақтоғай-Балқаш" автожолының 160 шақырымында, Қарағанды облысы ТЖД күшімен және "Берер" ЖШС қызметкерлерімен қардан тазаланған учаскеге 16 жеңіл автокөлік шығарылды, салонда 48 адам болды, оның ішінде 7 бала. медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту әрекет етеді. Облыстың көп бөлігінде боран сақталады. Қарағанды облысының ТЖД ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу және жол жүруден бас тартуды ұсынады. Ауа-райының өзгеруіне сәйкес киініңіз. Өзіңізбен байланыс құралдарын алыңыз.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212)43-36-36, 43-37-37 телефондары бойынша хабарласуға болады.