
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ахметжанов Ақылбек пен ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Искаков Қанат «Бірінші Қарағанды» телеарнасындағы «Бағыт» бағдарламасына қатысты.
Қазіргі уақытта облыс өңірлерінде елді мекендерден қарды шығару, авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту, су шаруашылығы құрылыстарын дайындау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
3-4 наурыз аралығында басқару органдары "Көктем-2022" оқу-жаттығуына қатысты, 174 практикалық іс-шара барысында 2250 метр арық, канал тазартылды, 455 су өткізу құбыры тазартылды, 21 мың текше метр қар шығарылды, 1264 метр қар траншеялары кесілді.
Сондай-ақ дайындық жұмыстарының маңызды бөлігі Халықпен жұмыс болып табылады. Осыған байланысты департамент бөлімшелерімен тұрақты негізде үгіт-профилактикалық жұмыстар, оның ішінде жиындар, рейдтер, аулаларды аралау жүргізіледі.
Жағдай күрделенген жағдайда халықты тасымалдау және эвакуациялау үшін 9 бірлік жоғары өтімді вахтавка-автобустар, 5 жол талғамайтын көліктер, 40 жүзу құралдары, 137 мотопомпа, оның ішінде 11-і тіркемелі, сондай-ақ біздің құтқарушыларымыз үшін 1200 гидрокостюмдер бар екенін атап өтті Ақылбек Қосманұлы.
Спикерлер біздің телекөрермендерге көктемгі су тасқыны кезеңінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары туралы еске салды.
Осында хабарлама алғаннан кейін келесі іс-қимыл жасалу тиіс:
• су, газ, электр қуатын өшіріңіз;
• пештердегі отты сөндіру;
• құнды заттар мен мүлікті ғимараттың жоғарғы қабаттарына (шатырларына) көшіру;
• құжаттар герметикалық немесе су өтпейтін қаптамаға салу қажет;
• қажетті дәрі-дәрмектер мен құндылықтарды алу;
• маусымға сәйкес киім мен аяқ киім кию қажет;
• бірнеше күндік азық-түлік қорын алып, содан кейін қауіпсіз аудандарға жіберу үшін жарияланған эвакуациялық пунктке бару керек.
Эвакуация кезінде құтқарушылардың барлық талаптарын орындау қажет.