Қарағанды облысы ТЖД Наурыз мерекесіне орай салтанатты концерт өтті

Қарағанды облысы ТЖД Наурыз мерекесіне орай салтанатты концерт өтті

Наурыз мейрамы – жер бетіндегі ең көне мерекелердің бірі. Оны көптеген халықтар көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі ретінде бес мың жылдан астам уақыт бойы тойлап келеді.
Ертеде қазақтар Наурызды Ұлыстың Ұлы күні деп атаған. Бұл халық арасында дәстүрге айналған: Наурыз мейрамы неғұрлым кең пейілмен тойланса, жыл да берекелі болады. Мерекелік әдет-ғұрыптардың көптігі де осыдан. Мерекенің нысаны ежелден табиғатқа деген сүйіспеншілік принциптерін ұстанған. Ежелден келе жатқанына қарамастан, бұл мереке халық жадында сақталды және қазіргі уақытта жаңа рухани-этикалық мағынаға ие болды. Ол жақсылық пен бірлікті бейнелейді.
2022 жылдың 18 наурызында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Наурыз мерекесіне орай салтанатты концерт өтті.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Катпанов құттықтау сөз сөйлеп, барлығына бейбітшілік, келісім мен молшылық, сондай-ақ біздің мемлекетімізге өркендеу тіледі.
Көктемгі салтанатты іс-шара барысында Наурыз мерекесін өткізудің басталуы мен дәстүрлері туралы бейнематериал ұсынылды.
Одан әрі іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты, онда біздің құтқарушылар өз таланттарын ашып өздерінің шығармашылық нөмірлерін ұсынды.
Іс-шара шаттық пен көңілді атмосферада өтті, өйткені Наурыз мейрамының жылуы адамдарға жаңа үміт әкеледі, Қазақстан халқының ұлы мұрасын бағалауға тамаша мүмкіндік береді деп кездейсоқ айтылмаған.