
Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінде өрт сөндірушілер арасында самбодан жарыс өтті. Құтқарушылар облыстың әр ауданынан келіп, барлығы 60 адам күресті. Өрт сөндірушілер 62, 74, 90 және 100 келіден жоғары төрт салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Өрт сөндірушілер үшін жұмыстан тыс жарыстар әдеттегі нәрсе, олар футбол немесе волейбол сияқты дәстүрлі спорт түрлерінде ғана емес, сонымен қатар жекпе-жек өнерінде де бақтарын сынайды.
Жарыс басталмас бұрын Қазақстанның мемлекеттік әнұраны шырқалды, одан кейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Самат Жақыпбеков қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тіледі.
Күні бойы спортшылар жанкүйерлерге қызықты жекпе-жек көрсетті, әсіресе финал өте тартысты өтті. Нәтижесінде 62 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Елеубеков Ерлік 11-ӨСАҚБ, екінші орынды №10 өрт сөндіру бөлімінінен Тоқсанов Кенжехан және үшінші орынды № 11 өрт сөндіру бөлімінен Тұрсынхан Дархан және №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Хасенов Руслан алды.
74 келі салмақ дәрежесінде № 10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Жакин Арман жеңімпаз атанса, екінші орынды 2-ӨСБ өрт сөндірушісі Темірбек Байшагиров, ал тұғырдың үшінші сатысына № 26 ӨСБ Тұрсынхан Рымқан мен №11 ӨСБ Қали Темірлан көтерілді.
90 келіге дейінгі салмақта 1-МӨСБ өкілі Мұхамеджанов Еркін жоғары дәрежелі медальға ие болды, екінші орынды № 6 ӨСБ өрт сөндірушісі Нұрасыл Арап, ал үшінші орынды №5 ӨСБ өкілі Сүндетбаев Амангелді мен №14 ӨСБ Жанат Қаликбергенов командасына бұйырды.
100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде №16 ӨСБ Кәрімов Жәнібек жеңімпаз атанса, №26 ӨСБ өрт сөндірушісі Пуштаев Руслан екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынды №2 жасақтан Совет Мейрам мен №10 өрт сөндіру бөлімінінен Крючков Виктор жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен марапатталды.