Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында 13 адам құтқарылды

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысында 13 адам құтқарылды

Өткен демалыс күндері 12-13 наурызда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 36 рет құтқару жұмыстарына шықты, оның ішінде өрт сөндіру және жану бойынша – 13 рет, авариялық-құтқару жұмыстарына – 21 рет, онда 13 адам құтқарылды, 6-ы бала.
Өткен демалыс күндері орын алған 4 өрттің 2-і электр сымдарының қысқа тұйықталу, 1 өрт пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, 1 өрт отқа абайсыз қарау себептерінен болған.
Облыста 12-13 наурыз күндері ауа райының нашарлауына байланысты жол учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды:
- «Жезқазған – Петропавл» (139-252 км, Ұлытау ауылы – Қостанай облысының шекарасы);
- «Екатеринбург – Алматы» (1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау).
- «Екатеринбург-Алматы» (1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау);
- «Екатеринбург-Алматы» (ПВП Теміртау – Теміртау, 1426-1446 км).
Қазіргі уақытта барлық бағыттағы жолдар ашық.
Бұқар-Жырау ауданында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Қарағанды облысы ТЖД күштерімен техникалық ақауы бар «Chevrolet Aveo» автокөлігінен 3 адам құтқарылды, оларға медициналық көмек қажет болмады. Осакаровка ауылындағы теміржол вокзалына жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады.
Қарағанды қаласында Абай көшесінің бойында Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері пәтерге үш тізелік баспалдақ арқылы кіріп, сыртқы есікті ашты. 1935 жылы туған әйелді аман алып қалды. Жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Қарағанды қаласында Асфальтная-20 көшесінің бойында (наубайхана) ТЖД қызметкерлері оң қолы өндірістік электр еттартқышқа тұрып қалған 1975 жылы туған әйелге көмек көрсетті. Жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланды. Аймақтың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын жалғасуда.
Қарағанды облысының ТЖД ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жол жүруден бас тартуды ұсынады. Ауа-райының өзгеруіне сәйкес киініңіз. Өзіңізбен байланыс құралдарын алыңыз.
Барлық оқиғалар мен ТЖ фактілері туралы 112 немесе 8(7212)43-36-36, 43-37-37 телефондары бойынша хабарласуға болады.