Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде 5 жасар қызды құтқарған Анастасия Пхенда марапатталды

Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде  5 жасар қызды құтқарған Анастасия Пхенда марапатталды

     8 наурыз қарсаңында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің басшылығы Пхенд Анастасияның ерлік әрекетін назардан тыс қалдырған жоқ.

     Қазақстан Республикасы ТЖ Бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев ерлікпен және батылдықтен төтенше жағдайларда адамды құтқарғаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

     Настя ол кезде небәрі  9 жаста еді. Сонымен, Настя өз өмірін қатерге тігіп, батпақта тұрып қалған 5 жасар балаға көмектесуге асықты. 5 жасар қызды ересектер іздеп жатқанда, Настя Пхенда көмекке келді, ол баланы кездейсоқ көріп, оның артына қарай жүгірді және оны батпақтан шығарды, бірақ ол тіпті жүзуді де білмейді. Бақытымызға орай, бәрі жақсы аяқталды.

      Бұл Настяның балаларды  алғаш рет құтқаруы емес.

      2015 жылы жазда ол қыз баланы ағаштан түсіріп алған, бұдан бөлек 4 жасар ұл баланы көліктің қағуынан сақтап қалған.

      Қазір Настя 15 жаста. Жасына қарамастан, қыз барлық ересектер бара бермейтін әрекеттерді жасауда.

      Қыздың анасы Ольга Станиславовнаның айтуынша, Настя бала кезінен кішкентай балаларға қамқорлық жасауда, олардың өздеріне зиян тигізбеуін қадағалайтын! Кішкентайларға қамқор болуын ата-анасы жас кезінен баулыған! Төтенше жағдайлардағы құтқару және көмек көрсетуді  тек жақсылық және мейірімділік үшін жасайды!

       Настяның үлкен жүректі қыз, себебі кез-келген адам құтқару үшін тәуекелге баруға батылы бармайды. Біздің ведомство мұндай ерлік істерді ешқашан назардан тыс қалдырмайды.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі