
Өңірде жүргізілетін алдын алу іс-шараларының сапасын қадағалайтын арнайы құрылған топтар жұмыс істейді
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді.
Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов көктемгі кезеңге дайындық шаралары туралы баяндады.
Облыста каналдар мен арықтарды, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді тазарту жұмыстары белсенді жүргізілуде, 652 мың текше метр қар шығарылды.
2015-2021 жылдар аралығында облыста барлығы 253 км қорғаныс бөгеттері мен біліктер тұрғызылып, нығайтылды, 178 елді мекенде 102 км өзен арналарын жағалауды нығайту, түбін тереңдету, түзету және кеңейту орындалды.
Алдын ала болжам бойынша қардағы су қоры нормадан төмен, алайда қар жамылғысының төмен биіктігінде де қардың тығыздығы жоғары, көптеген қар өлшеу маршруттарында мұз қабығы байқалады.
Қазіргі уақытта өңірде жүргізілетін алдын алу іс-шараларының сапасын қадағалайтын арнайы құрылған топтар жұмыс істейді.
Қарағанды облысы ТЖД бөлімшелері жағдайды тәулік бойы бақылайды.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі