4 наурызда Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жалауды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға ТЖД қызметкерлері, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, ҚР ТЖМ аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Жалауды тапсыра отырып, ҚР ТЖМ Бірінші вице-министрі И.Д. Күлшімбаев оған салтанатты жағдайда Қарағанды облысы ТЖ департаментіне туды - Ар-намыс, ерлік пен даңқтың символы тапсыру құрметі түскенін айтып, жалауды тек бейбіт уақытта, мерекелік іс-шараларда және Департамент өміріндегі ерекше маңызды оқиғаларда ғана өрістетілуін тіледі.
Өз кезегінде Қарағанды облысы ТЖД бастығы М. К. Катпанов Бірінші вице-министрге және оның атынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министріне жоғары сенім білдіргені үшін үлкен ризашылығын білдірді! Жалауды қабылдай отырып, ел халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін берілген жалауды абыроймен, ерлікпен, батылдықпен және мақтанышпен жоғары көтеруге міндеттенетініне сендірді!
Жалау Департаменттің үздік дәстүрлерін қолдау мен дамытуға, қызметкерлердің жоғары моральдік рухын қалыптастыруға, олардың таңдаған ісіне берілгендігіне ықпал ететін болады.
Одан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Бірінші вице-министрі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің атынан грамоталар мен алғыс хаттарды ерекше көзге түскен қызметтегі аруларға өз міндеттерін адал атқарғаны үшін және келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты табыс етті.
Қарағанды облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі