
Ағымдағы жылдың 1 наурызында Қарағанды қаласының Узенка кентінің шаңғы трассасында Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет гарнизоны арасында шаңғы жарысы бойынша жеке-командалық жарыс өткізілді. Жарысқа облыстың 11 құрама командасы қатысты. Барлық командалар жақсы дене дайындығын көрсетті, барлығы жеңіске бағытталған болатын. Мұндай жарыстар қызметкерлер арасында спортты дамыту, даңқты дәстүрлерді нығайту, ойыншылар арасында құрметті қарым-қатынас орнату үшін маңызды.
Жарыс басталар алдында Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Сүлеймен Бимағамбетов жарысқа қатысушыларға сәтті ойын тіледі.
Әйелдер арасында 1000 метр бойынша бірінші орынды №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өкілі Мейрамова А. Б., екінші орынды №9 өрт сөндіру бөлімінен Мартынова В. А. және үшінші орынды №14 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті Сембек А. Қ. жеңіп алды.
Ерлер арасында 3000 метрден №13 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Е. Н.Мұхтарбеков жеңімпаз атанды, екінші орынды №12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы А. Б. Амангельді, үшінші орынды №13 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Е. Н. Мұхтарбеков иеленді.
Жалпы командалық сынақтың жеңімпаздары № 13 өрт сөндіру бөлімінің командасы, екінші орынды №14 өрт сөндіру бөлімінің командасы және үшінші орынды №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді.
Барлық қатысушылар құрмет грамоталарымен және кубокпен марапатталды.