
Бүгін, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс Күнін мерекелеуге байланысты Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында онлайн режимде тікелей эфир өтті. Іс-шара спикері болып Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары полковник Ахметжанов Ақылбек Қосманұлығ, "1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні. Азаматтық қорғаныс және апаттар мен дағдарыстар кезінде жер аударылған адамдармен жұмыс, еріктілердің рөлі және пандемиямен күрес" атты тақырыппен сөз сөйледі.
Тікелей эфир барысында Азаматтық қорғаныстың пайда болу тарихы, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесінің қалыптасу тарихы, сондай-ақ Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс саласында жүргізіп жатқан жұмысы, оның құрылымы, мақсаттары мен міндеттері туралы айтылды.
Сондай-ақ, тікелей эфир тыңдаушыларының белсенді қатысуымен, аймақтағы су тасқыны қаупі бар жерлер жайында және жалпы азаматтық қорғау органдарының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.
Тікелей эфирге барлығы 171 адам қатысты.