
28 ақпан күні Қарағанды облысында "Алғыс айту" күні қарсаңында қаңтар оқиғасында қаза тапқан азаматтардың ата-аналарына жаужүрек ұлдарды тәрбиелегені үшін алғыс айтылды.
Достық үйінде өткен шарада адам жанына араша түскен құтқарушылар, полиция қызметкерлері, дерті жанына батқан жандарға қан тапсырып мейірбандық көрсеткен еріктілер, қайырымдылықпен айналысатын этнос өкілдері Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің алғыс хатымен марапатталды.
Сондай алғыс хатпен ТЖД қызметкерлеріде марапатталды: 6-ӨСБ бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрғалиев Арнұр мен 12-ӨСБ командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Оразбеков Дамир.