Ағымдағы жылдың 28 ақпанында ТЖД ғимаратында цифрландыруды, ақпараттандыру және байланыс бөлімі желісі бойынша жедел кеңес өткізілді. Ооған Қарағанды облысы бойынша ҰҚКД өкілдері, ТЖД құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері қатысты. Кеңес барысында мемлекеттік органдар, атап айтқанда Қарағанды облысының ТЖД үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптары талқыланды, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы проблемалық мәселелер, ақпараттық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету шеңберінде іс-шаралар мен орындалған жұмыстар, осы бағыт бойынша қорғанысты арттыру үшін басым міндеттер айтылды.