
25 ақпанда Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №11 өрт сөндіру бөлімінде бөлімше басшылығымен сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бөлім жеке құрамымен жиналыс ұйымдастырылды және өткізілді.
Жоғарыда аталған жұмысты жүргізу үшін Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхановтың аудандық прокуратура бөлімі бастығының міндетін атқарушы, кіші әділет кеңесшісі Шора Ербол Ғалымұлы шақырылды.
Ербол Шора өз сөзінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының" негізгі ережелерін атап өтті.
Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы ақпарат берді, олар ауырлығына қарай әкімшілік немесе қылмыстық болып бөлінеді. Бұл ретте, мемлекеттік құрылымдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты іс-әрекеті үшін де, әрекетсіздігі үшін де жауапкершілікке тарту көзделеді. Ең жоғары жауапкершілік шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігінсіз 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырудан басқа-барлық атақтардан, наградалардан айырумен, одан әрі мемлекеттік лауазымды атқару мүмкіндігінің болмауымен қоса беріледі.
Ағымдағы жылдың қаңтар айындағы оқиғалар аясында елімізде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде арандатушылық ұрандар мен материалдарға бой алдырмай, митингілер өткізу тәртібі мен шарттары туралы мәселе де қозғалды.Мұнда прокуратура өкілі біздің мемлекетіміздің құрылысына қарсы бағытталған арандатушылық материалдарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы беру үшін де жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
Сөз соңында Ербол Шора құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында - қырағы болуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын зерделеуге барлық жақсылықты тіледі.
Аслан Кокушев,
Қарағанды облысы ТЖД
«ӨСжАҚЖҚ» ММ №11 ӨСБ