ТЖД бастығы Теміртау өңірінің өрт сөндіру бөлімшелеріне барды

ТЖД бастығы Теміртау өңірінің өрт сөндіру бөлімшелеріне барды

25 ақпанда Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мұрат Катпанов Теміртау гарнизонында болды.
Сапар барысында Теміртау қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында ТЖД бастығы өңірдегі азаматтық қорғау қызметінің даму перспективалары, атап айтқанда, жаңа өрт сөндіру бөлімдерінің құрылысы және қолданыстағы ғимараттарды жөндеу, азаматтық қорғау қызметкерлерін материалдық қамтамасыз ету, бөлімшелерді техникалық жарақтандыру жоспарлары түсіндірілді.
Жиын соңында полковник Мұрат Катпанов қатысушыларға қызметі үшін алғыс айтып, еңбекте табыс тіледі және азаматтық қорғау қызметкерлері әрқашан үлкен отбасы ретінде бір команда болғанын атап өтті.