
Бүгін Қарағанды қаласының №11 өрт сөндіру бөлімінің спорт кешенінде Қарағанды облысының өртке қарсы қызмет гарнизонының бөлімшелері арасында үстел теннисінен жарыс өтті.
Жарысқа өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерінің 18 құрама командасы қатысты.
Жарыс басталмас бұрын Қазақстанның мемлекеттік әнұраны шырқалды, кейін Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Самат Жақыпбеков жарысқа қатысушыларға сәтті ойын тіледі.
Үстел теннисінен біріншілік қызықты да тартысты өтті. Барлық командалар жақсы физикалық дайындық көрсетті. Турнир барысында кездесуге қатысушылар өздерінің күштері мен шыдамдылықтарын сынап, жолдастық рухын нығайтты.
№2 Мамандандырылған өрт сөндіру бекетінің командасы турнир жеңімпазы атанды. 2-орынды №14 өрт сөндіру бөлімінің командасы және 3-орынды Қарағанды қаласының 11-ӨСБ командасы жеңіп алды.
Осы турнирдің жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және кубокпен марапатталды.