
2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау мақсатында, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А.Ахметжанов Ақтоғай ауданының су тасқыны қаупі бар елді мекендерін аралауда. Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Мірәсілқызы Абеуовамен кездесу өткізілді, кездесу барысында су тасқынына қарсы іс-шаралар мәселелері талқыланды. Аралау барысында су өткізу құбырлары мен сақиналарының жай-күйіне, өзен арналары мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйіне тексеру жүргізілді, халыққа су тасқыны кезіндегі мінез-құлық қағидалары бойынша жадынамалар табыс етілді. Қорғаныс біліктерін салу бойынша инженерлік жұмыстардың облыстық жоспары шеңберінде жүргізілген жұмыстар қаралды. Мәселен, Ақтоғай ауданы, Қараменді би ауылдық округінің Қуаныш ауылында конустарды, көпір үйінділерін нығайту және қосымша су өткізу құрылыстарын орнату бойынша жүргізілген жұмыстар қаралды.
Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының өкілі Қоянбаева Сабира Рахманқызымен кездесу өткізілді.Кездесу барысында су шаруашылығы объектілері мен иесіз су қоймаларының жай-күйі талқыланды.
2015-2021 жылдар кезеңінде облыста республикалық Жол карталары мен облыстық жоспарлар шеңберінде 254,1 км қорғаныс бөгеттері мен біліктер салынды және нығайтылды, 138 км өзен арналарын бекіту, түбін тереңдету, түзету және кеңейту орындалды.
Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі