2022 жылғы 22 ақпанда Қарағанды облысы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында эвакуациялық комиссия төрағалары – облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарларымен практикалық дәрістер өткізді.
Іс-шара Департамент бастығы Мұрат Қатпановтың эвакуациялық іс-шаралардың басты міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытында халықты түрлі төтенше жағдайлардан қорғау бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша баяндамасынан басталды.
Сабақ бағдарламасына азаматтық қорғаныстың эвакуациялық іс-шараларының негізгі ұғымдарын, мақсаттарын, міндеттерін түсіндіру және эвакуациялық пункттердің жұмысын көрсету кірді.
Іс жүзінде Қарағанды қаласының «Кеншілер мәдениет сарайы» базасында №9 жинау эвакуациялық пунктін өрістету және Шахтинск қаласының «Шахтинск технологиялық колледжі» базасында №4 қабылдау эвакуациялық пунктін өрістету көрсетілді.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жиынға қатысушылар Қарағанды облысы ТЖ департаментіне оқуды ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдіріп, осындай іс-шараларды өткізудің ерекше маңыздылығын атап өтті.