Су тасқыны кезеңі алдында эвакуациялық комиссияның отырысы өтті

Су тасқыны кезеңі алдында эвакуациялық комиссияның отырысы өтті

2022 жылғы 18 ақпанда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың төрағалығымен «Облыстың қалалары мен аудандарының эвакуациялық органдарын су тасқыны кезеңіне жан-жақты дайындау туралы» тақырыбында облыстық эвакуациялық комиссияның отырысы өтті. Әкімнің орынбасары су басуға бейім елді мекендердің дайындық жағдайын айтып, уақытылы эвакуация су тасқыны қаупі бар аймақтағы халықты қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Комиссия жұмысы барысында Қарағанды облысы ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов су тасқыны кезеңіне қатысты облыстың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жалпы дайындығы туралы баяндады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Департаменттің мобильдік топтары су басу қаупін бағалау мақсатында су тасқыны қаупі бар елді мекендерді аралауда.
Отырыс барысында су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы су тасқыны қаупі бар аудандардың басшылары тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша қалалар мен аудандардың эвакооргандарының төрағаларына барлық хабарлау жүйелерінің жарамдылығын тексеру, эвакуациялық іс-шараларды өткізу үшін автокөлікті алдын ала қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, су басуы мүмкін аймақтарда тұратын тұрғындармен қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және т. б. тапсырылды.