Өз мамандығына адал

Өз мамандығына адал

№10 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасарының сауатты да шешуші іс-әрекетінің арқасында өрт кезінде көптеген адамдардың өмірін аман алып қалды деуге болады.

Азаматтық қорғау капитаны Қанат Ешмағанбетов азаматтық қорғау органдарында 2013 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қарапайым өрт сөндіруші ретінде қызметін бастаған Қанат өз мансабының басынан бастап өрт сөндіруші-құтқарушыға қажетті – төтенше жағдайлардағы табандылық, батылдық, жауапкершілік, парасатты бастамашылдық қасиеттерін көрсетті.

Оның сауатты жұмысының соңғы жарқын мысалдарының бірі 2021  жылдың 30 қарашасында болған өрт оқиғасы.

Сол күні өрт туралы хабарлама түнде келіп түскен. Қарағанды ​​қаласы Әлиханов көшесінде бірінші қабаттағы пәтер өртенді. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер ғимарат ішінің  қою түтінге оранғанын көреді.

Жол-жөнекей Қанат Ешмағанбетов елді мекендердегі өртті сөндірудің бар тәжірибесіне сәйкес, өртке бара жатқан әрбір бөлімшеге міндеттер жүктеді. Кіре беріске кірген жауынгерлер жабық пәтер есігіне тап болады. Есікті бөлшектеу және ашу шамамен 3 минутқа созылды. Өзімен бірге қажетті құрал-жабдықтарды алып, Ешмағанбетов үш адамнан тұратын буынның құрамында көру мүмкіндігі нөлге тең болатын пәтерге кіреді. Өрттің ошағы залдан табылды.

Одан әрі Ешмағанбетов екі газ-түтіннен қорғаушыны сөндіруге жіберу туралы шешім қабылдады, ал өзі қалған бөлмелерде зардап шеккендердің бар-жоғына барлау жүргізе бастады. Барлау барысында жатын бөлмеден Қанат төсекте ес-түссіз жатқан екі адамды тапты.

Жақсы физикалық дайындықтың арқасында бастықтың орынбасары зардап шеккендерді пәтерден шығарып, медициналық көмек келгенге дейін кезек-кезек жүрекке жанама массаж жасау арқылы реанимациялық шаралар жүргізген.

Ұзақ уақытқа созылған құтқару әрекеттерінің нәтижесінде әйелде өмір сүру белгілері байқала бастады, ал ер адам ауыр халде қала берді. Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету тобы құтқарылғандарды медициналық мекемеге жеткізді.

10-ӨСБ бастығының орынбасары Қанат Ешмағанбетовтың батыл және сауатты іс-әрекеттерінің арқасында адам өмірі кезекті рет құтқарылды.

Ешмағанбетов Қанат 1990 жылы Қарағанды қаласында туған, қазіргі таңда сүйікті жарымен 2 бала тәрбиелеп отыр.

Өзінің игі ісіне берілген Қанат, қазір өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары бола отырып, жеке құрамның қажетті қасиеттерін бойына сіңіріп, оларды үлгі ретінде  көрсетуде.