
9 ақпанда облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бірінші отырысы өтті, оның төрағасы облыс әкімінің орынбасары В. Б. Басин болып табылады.
Жиын барысында Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы, табиғи ресурстар басқармасы, сондай-ақ облыстағы ірі су шаруашылығы нысандарына жауапты мекеме басшылары тыңдалды.
Баяндамаларда қазіргі уақытта облыс бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде екені атап өтілді. Облыстың негізгі өзендерінің бассейндерінде қардағы су қоры нормадан төмен, ал көптеген қар өлшеу маршруттарында 4 см-ге дейін мұз қабығы байқалады.
Табиғи ресурстар басқармасы 2021 жылы облыстық коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жүргізілген су тасқынына қарсы және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, оларда инженерлік жұмыстар жүргізу үшін инертті материалдардың қалыптасқан қорлары туралы ақпарат берді. Басқарма басшысы арнайы техниканың дайындығы туралы 100%, ЖЖМ қажетті резервінің болуы туралы, сондай-ақ облыстық коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстары орналасқан ауданда қар мен мұздың қалыңдығы бойынша күнделікті мониторинг жүргізу туралы баяндады.
«Казводхоз» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Нұра өзенінің арнасын шаю үшін Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан 4 және 8 м3/с көлемінде санитарлық төгу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта бұл су қоймаларын толтыру көлемі сәйкесінше 78 және 67 пайызды құрап отыр.
Ірі су қоймаларының бірі – «Қазақмыс» корпорациясының Шерубай-Нұра су қоймасы. Айтуларынша, нысан тасқын суды қабылдауға және өткізуге де дайын.
ТЖ департаменті "2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупін азайту жөніндегі" республикалық Жол картасы және инженерлік жұмыстардың облыстық жоспары шеңберінде өткізілген дайындық іс-шараларын жеткізді. Су тасқыны құбылыстарына неғұрлым бейім аумақтардың жекелеген учаскелері, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде судың аздығына қарамастан ерекше назар аудару талап етілетін елді мекендер мен жол инфрақұрылымы объектілері айтылды. Департаментпен халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс басталды, облыс өңірлерінде жадынамалар таратыла отырып, шамамен 1,5 мың адамды қамти отырып, жиындар мен рейдтер өткізілді.
Қорытындылай келе, В.Б. Басин су тасқыны жағдайын күнделікті талдау және мониторингілеу, объектілерді су тасқынын апатсыз өткізуге дайындау, елді мекендерден қарды шығару және су тасқыны кезеңіндегі іс-әрекеттер туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-қимылды жандандыру бойынша міндет қойды.